top of page

Сәтбаев қаласының жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны 1982 жылы тамыз айында Никольский аудандық қазандығы мен Жезқазған кенті мен Никольский қаласының цехтарының негізінде құрылды. 1994 жылы «Қазақмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлістігінің бұйрығымен Сәтбаев қаласының Жылу, сумен жабдықтау мекемесі құрылды.

«Қазақмыс Корпорация» ЖШС 20 ақпан 2013 жылы бұйрығына байланысты «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Сәтбаев қаласының жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны негізінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Сәтбаев аймақтық «Энергия жүйесі» мекемесі құрылды.

23.04.2015 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мен Қарағанды облысының әкімшілігі арасындағы өзара ынтымақтастық негізіндегі мемарандумға байланысты 01.01.2016 ж. бастап «Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («СЖСЖК» ЖШС) құрылды. Мекеме Қазақмыс Корпорациясынан Сәтбаев қаласының әкімшілігі меншігіне берілді. Қазіргі уақытта «СЖСЖК» ЖШС барлық мүліктеріне, соның ішінде жүйелеріне, «Сәтбаев қаласының тұрғын үй инспекциясы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ меншік иесі. Келісім шарт бойынша  «СЖСЖК» ЖШС осы мүлікпен сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады және тиісінше Сәтбаев қаласының  маңызды стратегиялық  нысаны болып табылады.

 «СЖСЖК» ЖШС табиғи монополиялар субъектісі Мемлекеттік регистріне тіркелген. «СЖСЖК» ЖШС негізгі  міндетіне кіреді:

  • белгіленген жоспарға сәйкес нормативтік сапаға сай жылу энергиясын алу және тарату;

  • сапалы ауыз су сатып алу, өндіру және тарату;

  • кәріз суларды шығару және тазарату;

  • инженерлік жүйелерді түбегейлі жөндеу.

Диаметрі 50 ден 1020 дейінгі инженерлік  жүйелердің барлық ұзындығы -766,6 шақырымды құрайды. Соның ішінде жылу жүйелері -223,6 шақырым, ауыз су - 334,5 шақырым, кәріз жүйелері -208,6 шақырым.

Мекеме құрамына кіретін цехтар:

  • жылу жүйелері цехы;

  • ауыз су және кәріз жүйесі цехы;

  • көлік және механизмдер цехы;

  • инженерлік жүйелерді түбегейлі жөндеу цехы;

  • құрылыс және жөндеу цехы;

  • бас механик және бас энергетик кеңсесі;

  • химиялық зертхана;

  • диспетчерлік қызмет.

Бөлімдер:

  • өндірістік-техникалық бөлім;

  • жоспарлау-экономикалық бөлім;

  • материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі;

  • еңбекті үйымдастыру, кадрлар және жалақы бөлімі;

  • есеп (материалдық, коммуналдық) бөлімі;

  • қауіпсіздік, еңбек қорғау және экология бөлімі.

Барлық жұмыскер саны - 465 адам, соның ішінде: әкімшілік-басқару қызметкерлері – 70, инженерлік-техникалық жұмыскерлер -30, жұмыскерлер -356.

Мекеменің қызмет көрсетуінде 62 - ғимарат, 88 - құрылым, 41 – сорғы станциясы, 54 – көлік құралдары, соның ішінде: жүк көлігі -26, жеңіл көлік -13, арнайы техника -15.

Жылумен жадықтау – «Kazakhmys Distribution» ЖШС «Жылу энергетика» мекемесі өндірген 9мПа қысымымен және 1100/700 температурасы параметірімен ыстық су түрінде жылуды тарату. Әрі қарай жерасты және жерүсті салынған 57мм. ден 720мм. дейін диаметрлі 223,6 шақырым қашықтықтағы жылу жүйелері арқылы «СЖСЖК» ЖШС келісім – шартқа байланысты сатып алып тұтынушыға таратады. Сорғы станциялары автоматтандырылмаған және телемеханизациясыз, тұрарақты қызметкерлер көмегімен барлығы 35 агрегат орнатылған. Жылыту мерзімінде ыстық сумен жабдықтау ашық схемамен іске асырылады.

Ауыз сумен жабдықтау -  диаметрі 1020 – 57мм., 334,459 шақырым  созылған су жүйелері системасымен жүзеге асырылады. Бір бірінен 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Кеңгір ашық су қоймасы мен Есқұла жерасты су көздерімен қамтамасыз етіледі. 23 сорғы  станциясы (21 - скважина, 2-ші көтерме сорғы станциясы -1, Сәтбаев қ. 3-ші көтерме сорғы станциясы -1, сважинадан суды жинауға арналған 1000 текше метр көлемдегі УВС-1 резервуары). Барлығы 32 электрсорғы арнатылған.

Есқұла жерастысуын тұтынуы -1976 жылы іске қосылған.

Су көзін молайтуға арналған тоған 2000 жылы салынды. 5 жыл ішінде деңгейі көтерілді. 2007 жылы Есқұла су тұтынуының қоры қайта есептелді. Тәуіліктік су өндіру  көлемі 83 мың текше метрге , жылдық - 30млн текше метрге бекітілді.  

Тұрмыстық кәріз суларды шығару және тазалау – 208,64 шақырым созылған диаметр 150-1000мм. қысымдық коллекторлар және өздігінен ағу жүйесі арқылы іске асырылады. Коллекторларда төрт жоғарылату сорғы станциясы бар. Барлық кәріз сулар шаруашылық кәріз су тазалау құрылғысына жеткізіледі.

Шаруашылық кәріз су тазалау құрылғысы 1968 жылы іске қосылған.

Тазалау процессі – биологиялық жолымен. Қазіргі уақытта шаруашылық кәріз су тазалау құрылғысында 47 адам қызмет көрсетеді. Жұмыс істеу режимі  - тәулікбойы. Шаруашылық кәріз су тазалау құрылғысы тазалау процессін кезең-кезеңмен реттеу және бақылауға арналған химиялық зертхана жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы тәулігіне 25 мың текше метр. 

"Сәтбаев жылу-сумен жабдықтау кәсіпорны" ЖШС бойынша мәлімет

История предприятия
О предприятии
bottom of page